Аккорды Торегали Тореали - Сен болмасан (feat. Молдыр Ауелбекова)

Добавлено: @romashka
Дата добавления: 04 Января 2019г.
Рейтинг:
0.0
Просмотров: 882
Транспонировать - +
Am
Сен болмасаң бұл жалған,
Dm Am
Күнде уайым, күнде арман.
Dm
Айналайын, гүлім-ау,
E
Жүрегімде бүр жарған.
Am
Сен болмасаң, серігім,
Dm Am
Аялайды мені кім?
Dm
Ертелі кеш сен жаққа,
E
Елеңдейді көңілім.

Қайырмасы:
Am
Сен болмасаң, тірегім,
Dm C
Кімге жылап, күлемін?
F
Жүрегімде тілегім,
E
Алақанда жүрегім.

Am
Сенсіз мынау жалғанда,
Dm Am
Өтер ме едім арманда?
Dm
Елжірейсің балқисың,
E
Мен әніме салғанда.
Am
Сен арқылы, жарығым,
Dm Am
Бақытымды таныдым.
Dm
Екеумізге бір ғұмыр,
E
Бере гөрші тәңірім.

Қайырмасы:
Am
Сен болмасаң, аяулым,
Dm C
Кімге құшақ жаярмын?
F
Сағынышты сазыңмен,
E
Жүрегімде жай алдың.
Am
Сен болмасаң жанымда,
Dm C
Жайқалмайды бағым да.
F
Менің ғазиз тағдырым,
E
Сенің ғана қолыңда.
Наверх